Даму жоспарым


Информатика сабақтарында «Жаңа ақпараттық коммуникативті технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушының өз бетінше жұмыс жасауға үйрету»

Мақсаты:

Бала тәрбиесінің қыры мен сырын ұлттық дүниетаным негізінде саралай отырып, тәжірибелік қолданбалық сипатта ерекше мән беріп, педагогикалық алғыштарын, психолоғиалық табиғатын, ұлттық болмыс-бітімін қарастырып, қажетті жағдай үлгісін (моделін) жасау және негіздеу.

 Міндеттері:

  1. Дарынды балаларды айқындау және іріктеу мақсатында жүйе құру және ЖАКТ тұлғаны дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды жобалау.
  2. Жеке бағытта оқытуда және дамытуда оқу жоспарының тиімді нұсқасын жасау.
  3. Ұлттық тәрбие білім беру бағытында жас ұрпақты заманына, қоғамына сәйкес талап-тілектерге, қажеттіліктерге қарай тәрбиелеуғе жағдай жасау қажет.
  4. Оқу-тәрбие үрдісін компьютеризациялау негізінде керекті ақпараттық технолоғиямен қамтамасыз ету.

1-кезең.

Дайындық және ұйымдастыру

(теориялық ізденіс, ішінара тәжірибеде қолдану)

 Тақырыбы:

Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологиялардың ерекшелігі.

 Мақсаты:

ЖАКТ тұлғаны оқытуға, дамытуға мүмкіндік туғызатын әдістемелік көмек жасау.

Міндеттері:

  1. Шығармашылық топтың моделін жасау.
  2. Теориялық жұмыс істеу үлгісіне және педагогикалық үрдістің дамуына түзетулер енгізу(тұжырымдама, ереже, оқушылардың даму бағдарламасы)
  3. Оқу-тәрбие жоспарын, бағдарламалар, әдістемеліктерді өңдеп қайта жасау және педагогикалық үрдісті материалды-техникалық қамтамасыз ету.
  4. Дарындылық қабілетті айқындайтын диагностикалық жүйені жасау.
  5. Дарынды балалармен жүмыс істеуге дайындығын айқындау және оларды шығармашылық өсуіне ынталандыру.

Жұмыс мазмұны:

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін арнайы мамандырылған мектептердің іс- тәжірибесін оқып үйрену.
  • Дарынды балалардың мінездемелері жөнінде мәліметтер банкін құру
  • Балалардың дарындылық қабілеттерін айкындайтын, ұлттық мәдениетін, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, жан-жақты ойлауын айқындайтын диагностикалық материалдарды іріктеу және өңдеу.
  • Жұмыс нәтижесін бағалайтын критерийлерді анықтау.

Бастапқы диагностикалык бақылау барысында айқындау:

Қалыптасу деңгейін-оқу іс-әрекетінің түрлері, мақсатты қоя білуі, ЖАКТ жоспарды құра білуі, өзін бақылау мен өзін бағалауды жүзеге асыруы, жалпы интеллектуалдық іскерлігі, негізгіні бөлу, салыстыру, топтастыру, қорыту және т.б.

Креативтік мүмкіндігі:

1.Топтарға арналған оқу-тәрбие жоспарын құру:

  1. Математикалық қабілетін дамыту үшін, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін және оқушыларды математика мен гуманитарлық бағытында тереңірек оқытуға дайындау.
  2. Логикалық есептер шығару.

2.Ойлау, зерттеушілік қабілетін дамыту үшін:

-Жас дарын. Ізденіс.

3.Қызығушылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін:

  • Интернет
  • Программалау
  • Веб дизайн
  • Оқушылардың психология-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарлату бағытында, олармен жекеленген және дифференңиалды жұмыстар ұйымдастыру.
  • Білім мен тәрбие берудегі инновациялық іс-әрекет.
  • Әдістемелік жүмыстың бағдарламасын қайта қүру т.б.

Бағалау критерияларын жасау:

  • балалардың ұлттану және шығармашылык қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар үлгісіне.
  • пән мүғалімнің оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жасау;
  • шығармашылық топқа қажетті материалды- техникалық жағдайларды жасау.
  • психология педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді кабинетке іріктеп жинақтау.
  • топтарды керекті техникалық құралдармен жабдықтау: телевизор, видеомагнитофон, магнитофон, ЖАКТ бағыттау.
  • үйірме, секция жұмыстарын ұйымдастыру үшін керекті құралдар, материалдармен қамтамасыз ету
  • мәліметтер банкін құру мақсатында білім үрдісін компьютеризациялау.
  • оқушыларды жаңа әдістер мен технологияны игеруге дайындау.
  • дарынды балаларды тәрбиелеу сүрақтары бойынша ата-аналар университетінің жұмысын ұйымдастыру, оларға акпарат беру

2-кезең.

Жүйе жасау

Тақырыбы:

Балалар үшін ЖАКТ мазмұны және оқыту мен тәрбиелеу үрдісін технологияландыру негізінде жаңадан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

Мақсаты:

Балаларды оқыту және дамыту жағдайында ЖАКТ даму механизмін құру.

Міндеттері:

  • Енгізілген бағдарламаларды өңдеу.
  • ЖАКТ оқыту құралдарын енгізуде мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру.
  • ЖАКТ дамытуда оқушылардың іс-әрекетін тиімді бағалауды жүзеге асыру.

Жұмыс мазмұны:

  1. Мұғалімнің ақпараттық мәдениетін, көпұлтты аймақта жүргізетін жұмысының ерекшілігін ашатын психоло-педагогикалық білімдерін дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
  2. Ұсынылған тізімге сәйкес әдебиеттермен жұмыс істеуден, «дөңгелек үстелге» қатысуға дайындықтан, балалармен шаралар өткізуді болжамдау, баяндама, рефераттар оқудан және т.б. тұратын мұғалімнің жұмыстары.
  3. Педагогикалық ойындар, семинар тренингтер өткізу.
  4. Жеке бағыттағы тәсілге негізделген оқыту технологиясы енгізу. Педагогикалық үрдісті технологиялаидыру механизмнің үлгісін жасау. Оқушылар үшін технологиялық карта, балаларға жұмыс дәптер, дидактиқалық материалдар шығару.
  5. Оқушылардың шығармашылық зертханасын құру.
  6. «Ғылыми ізденіс әдістемесі» атты арнайы курс ұйымдастыру
  7. Жоғары оқу орындарымен, өнер орталықтарымен, ғылыми ізденіс зертханаларымен, ғылыми орталықтарымен байланыс орнату.
  8. Дарынды балалардың дамуы, оқуы және ұстаздардың педагогикалық шеберлігі нәтижесінің мониторингі.

Зерттеу пәні:

Бағдарламаларды жасау және іске асыру үшін қамтамасыз ету жағдайлары;

  • Бағдарламалық-мазмұн;
  • Педагогикалық-ұйымдастырушылық;
  • Ғылыми-әдістемелік;
  • Материалды-техникалық.

Болжам:

Дарындылық нышаны бар балалардын қабілеттерінің ашылуы, жеке тұлғаның қарқынды дамуы мұмкін,

егер:

-жеке ерекшеліктеріне сәйкестендіріп оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұнын өзгертсе

-балалардың танымдық қызығушыпығы негізінде таңдалған міндетті, қосымша оқу пәндерінің ара қатынасын өзгертіп, оларды оқытуда сағаттар қайта бөлінсе; -мұғалімдерді дұрыс таңдап және олардың дарынды балалармен жұмыс істеу үшін, біліктілігінің өсуіне жағдай жасалса;

-ЖАКТ зерттемей және пайдаланбай, жеке адамды толыққандьі тәрбиелеу мұмкін емес

-мектеп материалдық-техникалық базасы заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталса;

Онда, креативті ойлайтын дарындылық қабілеті бар, жеке ерекшіліктері қарқынды дамыған, мектеп табалдырығын аттауға даяр тұлға қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ізгі жүректі, ұлтжанды, кемеліне келген мұғалімнің жеке басын, оның арнаулы теориялық, практикалық даярлығын қалыптастырудың обьективтік қажеттілігі арта түседі.
  2. Оқушылардың білім сапасы, креативтік ойлау қабілеттерінің даму деңгейі, белсенділігі және шығармашылығы жоғарлайды.
  3. Уақыт пен құралды үнемдеу негізінде оқу сабақтарының тиімді деңгейге жетуі.
  4. Бағдарламалар, педагогикалық-ұйымдастырушылық формалары, дидактикалық материалдар жасалып, жинақталады.

3-кезең

Тарату

Тақырыбы:

Дарындылық қабілеті бар балаларды жеке бағытта оқыту жағдайындағы инновациалық іс-әрекетті ұйымдастыру, қалыптастыру түрлері мен мазмұны.

Мақсаты:

Дарындылық қабілеті бар балалардың білім сапасын жоғарлату, шығармашылық, интеллектуалдық, зерттеушілік іс-әрекетін, жеке басының қабілетін дамыту үшін құрылған үлгі (модель) жағдайының әсер етуін анықтау.

Міндеттері:

  1. Осы жылдардың инновациалық іс-әрекетінің нәтижесін жүйелеу және жалпылау.
  2. Шығармашылық топта істеген мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сұрыптау жасау.
  3. Педагогикалық шеберлікті анықтау негізінде ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру барысында түзетулер енгізу.
  4. Жасалған қорытындылар негізінде ғылыми-практикалық нұсқаулар жасау.
  5. Жеке бағытта оқыту негізінде дарынды балалармен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері барысында әдістемелікпен қамтамасыз етуде жинақ банкін құру.

Мазмұны:

  1. Осы жылдардың қорытындысын шығару.
  2. Әр тұрлі деңгейде сұрынтау жұргізу, сандық және сапалық мінездеме құру.
  3. Педагогикалық шеберлікті анықтау негізінде ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру барысында түзетулер енгізу.
  4. Дарындылық қабілеті бар балалармен жұмыс істеу нұсқаларын жасап, оларды практикалық іс-әрекетке енгізу.
  5. Жалпы мектеп тәжірибесін және жеке мұғалімдердің жекелей іс-тәжірибесін жинақтап, кітапшалар шығарып, тарату.

Зерттеу базасы:

Педагогикалық жүйе.

Қатысушылар:

Мектеп ұстаздары мен оқушылар.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер оқу, нормативтік, әдістемелік-нұсқау құжаттарын сұрыптау, психолого-педагогикалық бақылау, сауалнамалар, рейтинг, тәжірибені оқу және жалпылау, үлгі жасау, салыстыру, қорытындылау, жұйелеу, сұрыптау.

Шығын, кедергілер болжамы:

  1. Оқушының жеке мүмкіншілігіне бағдарламаның сәйкес келмеуі.
  2. Дарындылық қабілеттерін дамытуда көрсеткіштердің, функциялардың нақты таңдалмауы және олардың диагностикалық жүйемен келмеуі.
  3. Оқушылардың деңгейі мен белсенділігінің дамуын бағалауда ғылыми негіздеме әдістемеліктердің болмауы.
  4. Осы жылдардың аралық қорытындылар өлшемінде қателер мен ауытқулардың болуы, сұрыптау мәліметтерінің нақты еместігі.
  5. Зерттеу қорытындысында жекеленген катысушылардың қызығушылығы мен қажетті дайындығының жоқтығы.