Әдіс-тәсілдер


1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

3. «Миға шабуыл» стратегиясы (Мұғалімдермен жұмыс) Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

4. “3 таяқша” әдісі (мұғалімдермен жұмыс) Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ 1 жауап 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз? Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. «Әдіс алмасу үшін.»

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

7. «Он сұрақ!» әдісі. (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8.«Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, “Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?” “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

9. «Құпия зат» – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 10. «Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: Конверттен бір сөзді бір рет алу Сөздің өзін атамай түсіндіру Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!

ashampoo_snap_2017-02-21_11h05m14s_001_

img_20140312_093928

ashampoo_snap_2017-02-20_09h50m01s_003_

{6D52EB43-2157-4734-8DF1-676E00F22FC0}{3DD1E52B-0BA1-46FB-A58B-DE17F585E0EA}ashampoo_snap_2017-02-20_09h50m17s_004_