Портфолио


Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді.

«Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.

 Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары.

 Мұғалім портфолиосын жасау. Бұл дәстүр қайдан пайда болған? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.           

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

  • жүйелілік;
  • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
  • ақпараттыңобъективтілігі;
  • көрнекілік.

Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;

Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.